АҚШ билігі Перуге ұрланған жәдігерлерді қайтарды
АҚШ билігі Перуге 36 өнер туындысын қайтарды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оның арасында ежелгі чавин мен паракас өркениеті кезіндегі тоқыма бұйымдары бар. Кейбіреуі осыдан 2 мың жылдай бұрын жасалған. Сондай-ақ Куско қаласындағы ғибадатханалардан ұрланған 2 діни сурет қайтарылды. Алдағы күндері Перуге мумияланған 5 адамның денесі жеткізіледі. Бұл жәдігерлердің көбісін ерте заманда еуропалық отаршылар тонап, алып кеткен еді.
Эрик Катальфамо, АҚШ Мемлекеттік департаменті мәдени мұра бөлімінің директоры:
- Перудің мәдени мұрасын сақтау үшін бұл елдің билігімен бірлесіп жұмыс істеу АҚШ үшін маңызды. 25 жыл бұрын екіжақты келісім жасап, осының арқасында елімізге заңсыз әкелінген 2 мыңнан аса өнер туындысын Перуге қайтардық.