Бельгияда 16 жастағылар сайлауда дауыс бере алады
Бельгия 16 жасқа толғандар дауыс береді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Енді жасөспірімдер Еуропарламент сайлауына қатысып, өз таңдауын жасай алады. Мамандар бұл сайлау науқаны кезінде жастардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді дейді.
Бұған дейін Мальта, Германия мен Австрия заңға өзгерістер енгізген еді. Жергілікті билік өкілдері жасөспірімдердің пікірін ескерген жөн деп отыр. Сөйтіп, Бельгияда 300 мыңға жуық жас жеткіншек сайлауға қатысу құқығына ие болды.