Германия экономикасы техникалық рецессияға ұшырады
Соңғы статистикаға сүйенсек, жалпы ішкі өнім көлемінің көрсеткіші жарты жыл ішінде күрт түсіп кеткен.
Былтыр төртінші тоқсанда өнім көлемі 0,5 пайызға қысқарған еді. Бұл немістер үшін төмен көрсеткіштің бірі саналады. Биыл да ел экономикасы қиын кезеңдерге тап болды. Халықтың әлеуметтік жағдайы нашарлап кеткен. Тауарларға баға өсіп, бұрын болмаған проблемалар пайда болған. «Үкімет ел экономиксын қылыпқа келтіру үшін шұғыл шараларды қолға алған. Сондықтан жақын арада жағдай түзеледі»,- дейді сарапшылар.