Мадридті топан су басты

Мадридті топан су басты

Испанияда рекордтық деңгейде жаңбыр жауып жатыр.

Елдің оңтүстік-шығысында ондаған қаланы су басты. Мадрид көшелері де су астында қалды. Ірі жолдарда көлік қозғалысы тежелді. Кей аудандарда жағдайға байланысты мектептер, университеттер және балабақшалар жұмысын уақытша тоқтатты.  Метрода да қазір жүріп тұру мүмкін емес. Адамдар тобықтан келетін су кешіп жүруге мәжбүр. Бұған дейін апатқа байланысты Мадридтің халықаралық әуежайы жабылған болатын. Күн райының қолайсыздығынан Мадрид, Валенсия, Беникасим және Кабанас қалалары айтарлықтай зардап шеккен.