Амазон қызметкерлері ереуілге шықты
АҚШ-та халықтың әлеуметтік жағдайы бұрынғыдай емес.
Тұрғындардың ереуілдері тыйылмай тұр. Бұл жолы Амазон компаниясының қызметкерлері наразылық шараға шықты. Қызметкерлер компанияның басты кеңсесінің алдына жиналды. Олар жұмыс кестесіне қатысты көптеген өзгерістерге қарсы. Осы уақытқа дейін 27 мың адам қысқартуға іліккен. Амазон компаниясы әуе техникаларының бөлшектерін, ауыр жүк түрлерін және әуе отынын жеткізетін әлемдегі ірі тасымалдаушы мекеменің бірі болып есептеледі.