Перуде денге безгегі асқынды
Перудің солтүстігіндегі Пьюра қаласында денге безгегі асқынды.
Шаһардың 130 мыңға жуық тұрғыны дертке шалдығып, 190 адам көз жұмған. Ауруханалар науқастарға толы. Билік өлім-жітімнің көбеюіне адамдардың дәрігерлерге кеш қаралуы себеп деп отыр. Ахуалға байланысты аймақтағы мектептер қашықтан оқуға көшкен. 30 мыңға тарта оқушы денге безгегін жұқтырған. Қазір қалада індеттің таралуын тоқтату үшін зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.