Қызыл теңізде саяхатшылар мінген кеме өртенді
Қызыл теңізде шағын туристік кеме өртеніп, 3 британиялық саяхатшы жоғалып кетті.
Қалған 24 адам құтқарылды. Мысыр қауіпсіздік қызметінің мәлімдеуінше, апат тоқтың қысқа тұйықталуынан шыққан. Жалпы оқиға кезінде кеме бортында 10 экипаж мүшесі, 2 гид және 15 британиялық турист болған. Апат болған ауданда жоғалып кеткен саяхатшыларды іздеу операциясы жүріп жатыр.