Сильвио Берлускони дүниеден озды

Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони дүниеден озды.

86 жастан асқан саясаткер сәуір айында лейкемияға байланысты өкпесі қабынып, ауруханаға жатқызылған еді. Италиядағы ең бай адамдардың бірі болған Сильвио Берлускони соғыстан кейінгі ел тарихында ең ұзақ уақыт мемлекет басшысы қызметін атқарған.