Ливанда салымшылар банктерге шабуыл жасады
Ливанда салымшылар ақшаларын талап етіп, банктерге шабуыл жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Шиналарды өртеп, ғимараттардың терезелерін сындырды.
Ел астанасы Бейруттегі бұл наразылықты «салымшылар тобы» ұйымдастырды. Олар былтырдан бері салған ақшаларын ала алмай жүр. Ливан банктері қолма-қол ақша тапшылығына байланысты миллиондаған салымшының шотына шектеулер енгізген. Ливан фунты да құнсызданып, АҚШ долларына шаққандағы құны 90%-ке арзандаған. Дүниежүзілік банк «Ливан үшін бұл – соңғы бір ғасырдағы ең терең экономикалық дағдарыс» дейді. Ресми ақпарат бойынша, халықтың төрттен үш бөлігі кедейлікке ұшырады.