Францияда 3 мыңнан аса адам теміржол құрылысына қарсы ереуілге шықты

Францияда 3 мыңнан астам адам Лион мен Италияның Турин қалаларын жалғайтын жүрдек теміржол құрылысына қарсы ереуілге шығып, соңы полициямен қақтығысқа ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Текетірестен 12 жан жарақат алған.

Ереуілшілер елдің оңтүстік-шығысындағы тасжолды жауып тастады. Олар таратуға келген тәртіп сақшыларына тас лақтырып, полиция қарымта ретінде көзден жас ағызатын газ қолданған. Бұл белсенділер жаңа теміржол қоршаған ортаға, оның ішінде жердің су қабатына зиян келтіреді деп есептейді. Еуроодақтың өзі қолдаған құрылыс жобасының құны 26 миллиард еуро деп бағаланған. Оның 60 шақырымдай бөлігін Альпі тауы арқылы өтетін тоннельді құрайды.