Голливуд сценаристері жасанды интеллектті қолдануға қарсы болып отыр
Лос-Анджелесте 8 күннен бері сценарийстер ереуілдетіп жатыр.
Олар жалақыны көтеруді және жасанды интеллектіні қолдануға шектеу қоюды талап етуде. Шерушілер "Біріккен қаламгерлер ешқашан жеңілмейді", "Күш бірлікте" деп ұрандатқан. Әзірге кәсіподақтармен келіссөздер жүріп жатыр. Белсенділер әділетті еңбек шартына қол жеткізбей, жұмысқа оралмаймыз дейді.
Пери Ларидус, сценарист:
- Шеруге шыққан шығармашылық адамдарының рухы биік. Бұл наразылықтың әлі қанша уақытқа созылары белгісіз. Жұмысқа тез оралғымыз келеді. Бірақ ісімізді абыроймен атқаруды қалаймыз. Қадірімізді біліп, еңбегімізді дұрыс бағаласа екен деймін.