Филиппин билігі халықты суды үнемдеуге шақырды

Филиппин үкіметі тұрғындарды суды үнемдеуге шақырды.

Құрғақшылық салдарынан елде су тапшы. 4 қоймадағы су деңгейі айтарлықтай төмендеп кеткен. Мамандар бұдан ауыл шаруашылығы қатты зардап шегеді дейді. Қазірдің өзінде бірнеше егіс алқабы құрғап кеткен. Мамыр айында аптап ыстық болып, температура бағаны 50 градусқа дейін жетті. Метеорологтар мұндай жағдай қайталануы мүмкін деп ескертіп жатыр.

Сервилло Давид, су ресурстары кеңесінің атқарушы директоры:

- Үкімет, халық пен құзырлы мекемелер күш біріктіруі керек. Кешенді іс-шаралар жоспары қабылдануға тиіс. Суды үнемдемей қазіргі қиын жағдайдан шығу мүмкін емес.