Египетте үйінді астында қалғандар бар
Египетте күл-паршасы шығып құлаған 13 қабатты ғимараттың үйінділерінен адамдарды құтқару жалғасып жатыр.
Соңғы мәлімет бойынша, 4 адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Александрия губернаторы, генерал-майор Мұхаммед Әл-Шерифтің айтуынша, қираған блокта тек туристер тұрған. Ғимарат 1970 жылдары салынған. Қазір құлау себебін анықтау үшін тергеу амалдары басталды. Айта кетерлігі, Египетте ғимараттың опырылып құлауы - қалыпты құбылыс. Биыл қаңтарда елдің оңтүстігінде тұрғын үй құлап, 6 адам қаза тапты. Ақпанда елдің солтүстігіндегі төрт қабатты ғимарат қирап, 6 тұрғын опат болды. Ал сәуірде Александрияда дәл осындай апаттан тағы 6 адам қаза тапқан. Жалпы, бұл қалада 7 мыңнан астам ғимарат құлайын деп тұр, деді губернатор.