Датчада орман өрті шықты
Түркияның оңтүстігіндегі Мугла курорттық провинциясында алапат өрт шығып, елді мекенге қауіп төндірді. Датча аймағындағы тілсіз жауды
ауыздықтауға алты ұшақпен, он тікұшақ тартылды. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз. Тергеу жұмыстары басталды. Естеріңізде болса, елде қазан айына дейін орманға кіруге тыйым салынған. Түркияның Мугла провинциясы екі жылдан бері орман өртінен ең көп зардап шеккен аймақтың бірі болып есептеледі. 2021 жылы өртті сөндіруге Қазақстаннан екі тікұшақ жіберілген еді.