Канадада орман өрті басылмай тұр

Колумбия округі Вашингтонды көк түтін басты.

Мұндай жағдай өңірде осымен екінші рет тіркеліп отыр. Мамандар қауіп деңгейі ең жоғарғы - қызыл түске жеткенін хабарлайды. Қазір тұрғындар сыртта жүруін азайтып, далада бетперде тағып жүруге мәжбүр. Ұлтық метеорология қызметінің хабарлауынша, ел астанасынан бөлек, Висконсин, Иллинойс, Мичиган, Огайо және Нью-Йорк штаттарында ауа ластанған. Қазір Канаданың шығыс және батыс аймақтарында 76 мың шаршы шақырым аумақ жанып жатыр. Жалпы өрт 4 млн гектар жерді күлге айналдырған.