Су тасқыны салдарынан Чили мен Аргентина шекарасында кептеліс
Су тасқыны салдарынан Чили мен Аргентина шекарасында 2 мыңға жуық жүк көлігі тұрып қалды.
Қарлы боран екі елді байланыстыратын тас жолды қиратқан. Жүргізушілердің кейбірі, тіпті, бірнеше тәулік күтуге мәжбүр. Ал жергілікті билік шекара қайта ашылғанға дейін кемі әлі бір апта уақыт қажет, дейді.
Еске салайық, өткен аптадан бері Чилидің оңтүстік және орталық аймақтарына нөсер жауып тұр. Соның салдарынан тұрғын үйлер мен жолдарға зақым келді.