Канадада порт қызметкерлері шеруге шықты

Канаданың Британдық Колумбия провинциясында порт қызметкерлері шеру ұйымдастырды.

7 мыңнан астам жұмысшы мардымсыз жалақыға наразы. Сондықтан жергілікті билік өкілдерінен оны көтеруді талап етіп отыр. Сарапшылардың айтуынша, шеру көпке созылса, ол ел экономикасына ауыр соққы болып тию мүмкін. Өйткені аймақтағы 30 порттың жұмысы тоқтап қалады деген қауіп бар. Ал олар арқылы күн сайын 800 миллион долларға бағаланатын тауарлар өтеді. Бұл сома импорт пен экспорт көлемінің төрттен бірін құрайды.