Сарапшы: Иран энергия саудасын дамытады
Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүшесі болған Иран аймақтағы энергетикалық инфрақұрылымды жетілдіруге үлес қосады.
Сондай-ақ энергия саудасын дамытып, аймақтағы қауіпсіздікті нығайта алады, - дейді сарапшылар. Иранның Қытайдағы елшісінің мәлімдеуінше, Тегеран болашақта транзиттік хабқа айналып, энергия тасымалдаушылардың санын арттыруды көздеп отыр. Бұған дейін республика ұйымның ресми бақылаушысы мәртебесіне ие болған еді.
Мохсен Бахтияр, Қытайдағы Иран елшісі:
- Иран ШЫҰ бастамаларына белсенді қатысып, өзінің географиялық артықшылықтарын пайданалып, маңызды транзиттік хабқа айналуы ғажап емес. Бұл Шығыс пен Батыс арасындағы сауданы дамытуға үлес қоспақ. Иран энергетикалық инфрақұрылымды жетілдіріп, энергия саудасын дамытып, аймақтағы қауіпсіздікті нығайта алады. ШЫҰ терроризм мен экстремизмге қарсы күресте шешуші рөл атқарады.