Испания жағалауында акула көбейіп барады
Испанияның Каталония аймағында акула көбейіп барады.
Жағажайдың біразы жабылып, жұрт шомыла алмай қалды. Мамандардың айтуынша, акуланың бұл түрі адамға қауіпсіз. Бірақ жыртқыштың аты жыртқыш. Сақтанбаса болмайды. Жергілікті билік қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр.
Плайа де Мартиненка, Плайа де Марисель және Плайа де Марьял: Таррагона провинциясындағы үш жағажайға көк акуланың жүзіп келгенін жергілікті билік жария етіп отыр. Қазір үш жағажайда шомылуға уақытша тыйым салынды. Акуланың бұл түрі Жерорта теңізінде жиі кездеседі. Негізінен балықтармен қоректенеді. Дей тұрғанмен олардың жағажайларға келуі мамандарды алаңдатып отыр.
Хуан Антонио, теңіз ғылымы институтының сарапшысы:
- Көк акуланың орташа ұзындығы үш жарым метрден төрт метрге дейін жетеді. Орташа салмағы 150-200 келі. Адамдарға қаупі жоқ дегенмен, Испаниядағы бірқатар жағдай көк акулалардың себепсіз шабуылын көрсетті, өлім жағдайы да тіркелді.
ISAF яғни Халықаралық қауіпсіздікке жәрдемдесу күштерінің мәліметінше Жерорта теңізінде акуланың адамға 37 рет шабуылдау дерегі тіркелген. Салдарынан он тоғыз адам көз жұмды. Биыл Испания жағажайында күзет күшейді. Құтқарушылар туристерді жағажайдағы жалау түсіне назар аударуға шақырады.
Марисоль Бенитос, құтқарушы:
- Жағажайдағы қызмет және құтқару күштері іліп қоятын жалауға назар аударған жөн. Жасыл түс - теңіз суы таза дегенді білдері, сары түсті жалау ілінсе шомылуға болады, жалаудың түсі қызыл болса - судың қауіпті екенін көрсетеді. Белгіленген тұстан ары асып, жүзуге болмайды.
ISAF келтірген ресми мәліметке сай, 2022 жылы әлем бойынша акулалардың адамға 57 себепсіз шабуылы расталды. Мұның ішінде бес адам оқиға орнында қайтыс болған. Ең қауіптісі үлкен ақ акула, оның тісінен сытылып шығу көбінесе тіпті мүмкін емес.
Аида Қыдырбай, Дмитрий Рогач