Нидерландта миграциялық жағдайға байланысты үкімет таратылады
Нидерландта үкіметтік дағдарыс.
Премьер-министр Марк Рютте өз кабинеті толық құрамда отставкаға кететінін мәлімдеді. Оған үкіметке кіретін партиялардың миграциялық саясат бойынша келісімге келе алмауы себеп. Рютте бастаған оңшылдар босқындар легін азайту үшін елге туысқандарына келетін адам санын шектеуді ұсынған. Бірақ Христиан одағы бастамаға үзілді-кесілді қарсы шыққан. Жаңа үкіметті жасақтау үшін күзде жаңа парламенттік сайлау өтуі мүмкін.
Марк Рютте, Нидерланд премьер-министрі:
- Миграция – әлеуметтік және саяси тұрғыдан алғанда өте күрделі мәселе. Біз елдегі кей жағдайға қатысты ортақ шешімге келе алмай, үкіметті тарату туралы шешімге келдік. Әрине, бұл өте өкінішті. Бірақ басқа амал қалмады. Сондықтан мен патшаға кабинетті тарату туралы өтініш жолдадым.