Сеул тұрғындары «Фукусима-1» су төгу жоспарына қарсы
Оңтүстік Корея азаматтары «Фукусима» атом электр станциясының қалдықтарын мұхитқа төгуге қарсы шықты.
Сеул орталығына қала тұрғындары жиналып, наразылық білдірді.
Олар теңіздегі тіршілікке залал келеді, деп алаңдайды. Жұртты сабырға шақырып, қалдықтың қауіпсіз екенін хабарлау үшін қалаға МАГАТЭ басшысы ресми сапармен келді. Рафаэль Гросси, қарсы пікірдегі Корея оппозициялық Демократиялық партиясының мүшелерімен кездеседі. «Халықаралық Атом энергиясы агенттігі, атом электр станцияларынан суды ағызу, стандартты әлемдік тәжірибе», - дейді. Алайда Кореямен қатар, Қытай да бұл шешімге қарсылық білдірді. Олардың пікірінше, тазартылған суда әлі де радио-активті элемент бар.