Шілдеде Жер бетінде рекордтық жоғары температура тіркелді
Шілденің басында Жер бетінде метеобақылау тарихындағы рекордтық жоғары температура тіркелді.
Бұл туралы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым хабарлайды. Атап айтқанда, 4 және 7 шілдеде планетаның орташа температурасы қалыпты мөлшерден жоғары болды. Бұл 2016 жылдың тамызында тіркелген бұрынғы көрсеткіштен 0,3 градусқа артық. Сонымен қатар климаттың өзгеруін зерттейтін еуропалық ұйымдар жазғы маусым бұрынғыдан ыстық болып жатқанын тіркеп отыр.