Жапонияның оңтүстігінде су тасқынының зардабы есептеліп жатыр
Бірнеше тәулік толассыз жауған жауын салдарынан кемі 6 адам опат болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
3 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. Елдің метеорологиялық агенттігі тұрғындарды аса сақ болуға шақырды.
Айта кетерлігі, климаттық өзгерістерге байланысты әлемнің әр түкпірінде тоқтаусыз жауып жатқан жауын-шашын мөлшері қалыпты нормадан асып кетті.