Непалда әуе апаты кезінде 6 адам қаза тапты

Қайғылы жағдай елдің солтүстік-шығысында ел астанасы Катманду маңында болған.

Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз. Билік істің мән-жайын анықтау үшін арнайы комитет құрды. Туристер мінген тікұшақ Эверест тауынан ел астанасына қайтып келе жатқаны белгілі болды. Оқыс оқиғаға күн райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін. Қазір елде жауын-шашын көп  түсіп жатыр. Өңірдегі әуежайлардың жұмысы тұралап, рейстер кейінге шегерілген.