Мексикада теракт болып, алты адам қаза тапты
Мексикада теракт тіркелді.
Қайғылы оқиға Халиско штаты прокуратурасының ғимаратында болды. Апаттан 6 адам көз жұмып, 12-сі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Құрбан болғандардың қатарында төртеуі күзет қызметкері. Мексика билігі бұл жаралысты теракт деп мәлімдеді. Қазір полиция күдіктілерді іздеп жатыр. Губернатордың алдын ала болжамына қарасақ, қылмысты жасаған жергілікті қарулы топтардың бірі. Айта кетейік, Мексика билігі есірткі тасылмалдаушы топтармен 2006 жылдан бері күресіп келеді. Содан бері түрлі оқиғалардан 30 мың адам жан тапсырған.