Голливудта актерлер ереуілге шықты
АҚШ-та Голливуд актерлері ереуілге шықты.
Елдің Қалифорния штатында кино әлемінің жұлдыздарынан маза қашқан. 160 мың актері бар кәсіподақтың өкілдері жалақыны көтеріп, жұмыс жағдайын жақсартуды талап етуде. Осыған қатысты арнайы дайындалған құжатқа қазірдің өзінде 300-ден астам артист қол қойған. Дегенмен, кино кейіпкерлерінің талабы елеусіз қалған көрінеді. Актерлер кәсіп одағы мен продюсерлер қауымдастығы әлі келісімге келе алмаған. Жалпы мұндай ауқымды ереуіл елде 43 жыл бұрын болған екен. Сол кезде наразылық шаралар 3 айға созылыпты.
Сара Бибель, сценарист:
- Наразылық шараға актерлердің қатысып отырғаны жақсы. Себебі біз кадрдан тыс жүретін қызметкерлерміз. Олардың сөздері өтімді болады деген сенімдемін. Өйткені көрермен әдетте киноға сүйікті, танымал актері үшін барады. Біздің сөзіміз көбінесе елскерілмей қалуы мүмкін. Енді басшылар жұлдыздардың талабына құлақ аспаса білмеймін, не болатынын.