Бразилияда төтенше жағдай жарияланды
Бразилияның оңтүстігінде алапат дауыл соғып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Әзірге зардап шеккендердің саны анықталып жатыр. Қазір елдің бірнеше қалаларында төтенше жағдай жарияланды. Жолдар шайылып, көліктер су астында қалып жатыр. Адамдар көшеде қайықпен жүруге мәжбүр. Өзен-көлдер арналарынан тасып, жүздеген үйге қауіп төніп тұр. Қазір жергілікті құтқару қызметі, су ағысын тоқтату үшін бөгеттер жасап жатыр. Келтірілген шығын көлемі көп, - дейді мамандар. Эвакуациялынған тұрғындарды спорт кешендерне орналастырып жатыр.