Мексикада аптап ыстық зообақтағы жануарларға ауыр тиді

Мексикада аптап ыстық зообақтағы жануарларға ауыр тиді

Мексикада аптап ыстық салдарынан зообақ жануарлары қиналып жатыр.

Осыған байланысты хайуанат бағының қызметкерлері аңдарды шомылдыруға көшкен. Мамандардың айтуынша, жануарлар қазір тәулік бойы бақылауға алынған. Өйткені алдағы күндері сынап бағанасы 40 градустан асады деген болжам бар. Сондықтан жергілікті билік өкілдері тұрғындарды сақ болуға үндеп, сыртқа шықпауға шақырып жатыр.