Амстердам саяхат кемелерін қабылдамайды
Амстердам қаласының әкімшілігі өз айлағына үлкен круиз лайнерлерінің кіруіне тыйым салуды көздеп отыр.
Бұл қалада туристер санын қысқартып, ауаның ластануын азайтуға бағытталған жоспар аясында қабылданатын алғашқы қадам болмақ. 2023 жылы Амстердам айлағына 300 мың жолаушыны тасымалдайтын 114 круиз лайнері келуге тиіс. Одан бөлек жыл сайын бұл қала миллиондаған туристі қабылдайды. Венеция, Барселона мен Дубровник қалалары да өздеріне келетін круиз лайнерлерінің санын азайтпақ.
Питер Ван Заанен, Амстердам қаласының тұрғыны:
- Барселона мен Венецияда туристердің тым көп болуы осы қалалардың тұрмысына қатты әсер етеді. Қазір Амстердамда да осындай жағдай байқалып отыр, саяхатшылар көбейіп кетті. Әрине өзім тұрып жатқан қалада осындай болғанын қаламаймын.