Мысыр елінде денге безгегіне ұқсас белгісіз ауру тіркелді
Осыған байланысты ел әуежайларында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау шаралары күшейтілді.
Бұл нысандар қатарында Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қостанай және Шымкент әуежайлары бар. Шетелден келген жолаушылардың дене температурасы тексеріледі. Ұшақтарда дезинфекция жұмыстары жүргізіледі. Биыл Мысырдан 662 рейс немесе 126 мыңнан астам адам келді. Сәуір-мамыр айларында Тайландтан ұшып келген екі жолаушыдан денге безгегі анықталған еді. Денге адамға масаның шағуынан жұғады. Науқастың температурасы 41 градусқа дейін көтеріледі. Басы ауырып, жүрегі айниды. Омыртқа бойы, тізе, жамбас буындары және арқа бұлшықеттері ауырады. Мамандар масадан қорғану үшін жабық киініп, репеллент қолдануға кеңес береді.
Дария Әзімбаева, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:
- Санитарлық-карантиндік бақылау мамандары егер де дене қызуы жоғары адамдар анықталған болса, онда бізде оқшаулау бөлмелері бар әуежайлардың бәрінде. Сол оқшаулау бөлмесіне оқшаулайды және әуежайдағы медициналық пункутің мамандары оларға медициналық тексеру жүргізіп, оларға диагноз қояды. Гер де, аса қауіпті инфекция анықталатын болса, қалалық инфекциялық больницаларға жатқызылады. Бұл ауру балалар үшін, жасөспірім балалар үшін және үлкен адамдар үшін өте қауіпті.