Қытайда ауа райына байланысты қауіптің ең жоғарғы деңгейі жарияланды
Қытайда күн райына қатысты қауіп-қатердің ең жоғары "қызыл" деңгейі жарияланды.
Бұған толассыз жауып жатқан жаңбыр себеп. Жауын-шашын елдің солтүстік және орталық аймақтарын әбігерге салды. Метеорологтар әлі нөсер жауады дейді. Қазірдің өзінде Хэнань мен Хэбэй провинцияларын су шая бастаған. Бейжіңде мектептер мен бірнеше көрнекі орын жабылды. Аньхой провинциясында лай көшті.
АҚШ-та мыңдаған адам жарықсыз қалды
АҚШ-тың Колумбия округінде дүлей дауыл соғып, 15 мыңға жуық үй жарықсыз қалды. Желдің екпіні сағатына 130 шақырымға жеткен. Ағаштар опырылып, үйлер мен көліктерді басып қалған. Табиғи апат салдарынан бірнеше адам жарақат алды.