Сенегалда TikTok қолдануға тыйым салынды
Сенегалда TikTok-ты қолдануға тыйым салынды.
Әлеуметтік медиа қосымшасы елдегі тұрақтылыққа қауіп төндіреді, дейді жергілікті билік. Айта кетерлігі, елдегі жағдай қазір тұрақсыз. Негізгі оппозициялық партия таратылып жіберді, ал оның жетекшісі қамауға алынды. Президент Маки Салл осылайша билік үшін күреске кірісті. Елдегі дүрбелең Сенегалдың Батыс Африкадағы ең тұрақты демократиялы ел ретіндегі беделіне нұқсан келтірді.