Чилиде қыс мезгілі жазға айналды

Чилиде қыс кезінде рекордтық ыстық температура орнады.

Солтүстіктегі таулы аймақта сынап бағанасы 37 градусқа жеткен. Ел астанасы Сантьягода 25 градусқа дейін күн ысыды. Мұнда негізі қазіргідей қыс мезгілінде 15 градустан аспауы керек еді. Мамандар ыстықты Тынық мұхитындағы температураның көтерілуіне әкелген  "Эль-Нино" климат құбылысымен байланыстырады. Метеорологтар ыстық күн райы апта аяғына дейін жалғасады деп болжайды.

Пол Кордеро, климаттанушы:

- "Климаттың өзгеруі тек бұл аймаққа ғана емес, бүкіл дүние жүзіне қатысты мәселе. Биылғы шілде әлем тарихындағы ең ыстық ай болып тіркелді. Тамыз айында да температура жоғары болуы мүмкін".