2024 жылы Панама каналының табысы азаяды

Келер жылы Панама каналына түсетін табыс азайғалы тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

2024 жылы су арнасы арқылы өтетін кемелердің саны күрт қысқарып, кіріс 200 миллионға жуық долларға кемімек. Бұл туралы су жолы мекемесінің әкімшісіне сілтеме жасаған «Ассоушейтид Пресс» агенттігі хабарлайды. Кемелер санын шектеуге құрғақшылық себеп.