Грузияда лай көшкінінен опат болғандар саны 14-ке жетті
Грузияның Шови мекеніндегі лай көшкінінен қаза болғандар саны артып, 14-ке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Олардың арасында балалар бар. Тағы 23 тұрғын әлі іздестіріліп жатыр. Құтқару жұмыстарына 400-ден аса маман жұмылдырылған. Арнайы техника мен дрондар қолданылып жатыр. Грузияның Рача аймағындағы лай көшкіні өткен бейсенбі күні болды. Таудан аққан лай-батпақ таудағы өзен бойында орналасқан біраз үйді басып қалған.
Австрияда ақжауын селдетіп тұр
Ал Австрияның солтүстігі мен батысында жауын селдетіп, су тасып 2 адам қаза болды. Толассыз жауған жаңбырдан кей аудандарда лай көшкіні қаупі күшейді. Осы себепті бірқатар тасжолдар уақытша жабылған. Пойыздардың жүрісі шектелді. Табиғат апатынан кей мекендерде электр жүйесі істен шықан. Синоптиктер жауын әлі де жауады деп отыр.