Кубада бамбуктен велосипед жасалып жатыр
Кубада жаңа өнім пайда болды.
"Бостандық аралының" тұрғындары велосипедтерді бамбуктен жасай бастады. Тың кәсіпті, жергілікті шеберхана қолға алған. Оларға Нидерланд елшілігі, қаржылай қолдау көрсетті. Мамандар бамбук көлікті жеңіл әрі қоршаған ортаға залалсыз екенін алға тартады. АҚШ билігі салған санкциядан және коронавирустан қатты зардап шеккен Куба сырт елдерден велосипед импорттай алмайды.
Найвис Лабаут, кәсіпорын иесі:
- Кубада не көп - бамбук көп. Бізде олардың 28 түрі бар. Солардың 3 түрінен белесебет жасауға болады. Шеберханадағы жұмысқа мылқау адамдарды көптеп тартып, жұмыссыздық мәселелін шешуге де атсалысып жатырмыз.