Италия жағалауында 41 мигрант суға кетті

Жерорта теңізінің орталық бөлігінде Италияға жақын маңда қайық апатынан 41 мигрант суға кетіп, ажал құшты.

Бұл туралы "Қызыл Крест" ұйымы хабарлайды. 3 тамызда Тунистің Сфакс қаласынан жолға шығып, қатты толқынның кесірінен апатқа ұшыраған қайықта 45 адам болған. Арасында 3 бала бар. "Қызыл Крест" 4 жолаушының тірі қалғанын айтады. 

Игнасио Шинту, "Қызыл крест" ұйымы бас хатшысының орынбасары:

"Италияның жағалау күзеті Лампедуза аралында 4 мигрантты құтқарып қалды. Олар апаттан кейін камераларды ұстанып, суда жүзіп келе жатқан. Көрер жарығы бар екен. Қайықтың қозғалқышы істен шыққан".