Денге безгегі: Бангладеште 364 адам қаза тапты
Бангладеште денге безгегінен қайтыс болғандардың саны 364-ке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Соңғы бір тәулікте 12 науқас көз жұмды.
Жалпы жыл басынан бері бұл дертті 78 мыңнан аса адам жұқтырған. Аурудың таралуын шектеу мақсатымен елде масаны жою шарасы қолға алынды. Денге адамға масаның шағуынан жұғады. Науқастың денесі қызып, басы ауырып, жүрегі айниды. Омыртқа мен тізе, жамбас буындары және арқа бұлшық еттері ауырады. Әсіресе балалар мен созылмалы аурулары бар адамдарға қауіпті.