Италиядағы курортты қалада лай көшкіні жүрді

Италияның солтүстік-батысындағы Бардонеккья қаласында лай көшкіні жүрді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құтқарушылар сел басып қалған үйлер мен автокөліктерді тексеріп жатыр. Осылай 6 адам құтқарылды. Опат болғандар мен жарақаттанғандар туралы мәлімет жоқ. Бұл – Альпі тауларындағы курортты қала. Мұнда жыл сайын миллиондаған турист демалуға келеді. Таяуда ғана мейрамға көп адам жиналған болатын.