Сириядағы қалада су тапшы
Сирияның солтүстік-шығысындағы Хасака қаласында су тапшы.
Соңғы төрт жылда бұл мәселе ушығып кетті. Қуаңшылықтың кесірінен құдықтардағы су деңгейі тым төмендеген. Жергілікті билік гуманитарлық апат жариялап, халықаралық қауымдастықтан көмек сұрап отыр.
Мәжит Әл-Халаф, Хасака қаласының тұрғыны:
- Таңғы бестен кезекте тұрмын. Әр көшеге бір-екі бактан қойған, бірақ бұл жеткіліксіз. Ұзақ күтуге тура келеді. Құдықтарымыз да жоқ.