Албанияда орманнан өрт шықты

Албанияның Кепаро туристік өңіріндегі орманнан өрт шықты.

Тілсіз жау аз уақыттың ішінде ондаған гектар аумақты жалмап үлгерген. Бұл елде көптеген шаруалар арам шөп пен өнім жинағаннан кейінгі қалдықты жою үшін қолдан от қояды. Осы жолы ие бола алмай қалған. Жауапсыздығы үшін шілдеде 14 және соңғы күндері тағы 4 күдікті қамауға алынды. Жалпы соңғы 2 аптада 95 өрт ошағы тіркелген.