Мұхиттар қоқыс қоймасына айналып барады
Әлем халқы су айдындарына қоқыс лақтыруын қоймаса, үлкен экологиялық мәселемен бетпе-бет келуіміз мүмкін. Нидерланд ғалымдарының есебінше, бүгінде мұхитта 25 миллион тонна пластик қоқыс қалқып жүр.
Мұхиттар қоқыс қоймасына айналып барады. Ғалымдар осылай деп дабыл қағып жатыр. Тек Тынық мұхитының өзінде бүгінде мыңдаған тонна пластик су бетінде қалқып жүр. Аумағы шамамен 1,5 миллион шаршы метр. Егер құрлықпен салыстыра қарайтын болсақ, бұл – Моңғолияның территориясымен тең жер көлемі деуге болады.
Люси Вудалл, мұхиттанушы:
- Менің ойымша, ең алдымен пластик заттардың мұхитқа қалай түсіп жатқанын түсіну қажет. Мәселен, қоқыстардың бір бөлігі балық аулау кезінде тасталса, енді бір бөлігі өзен арқылы жетеді.
Соның кесірінен судағы тіршілік иелері айтарлықтай зиян шегіп жатыр. Көбі пластик қалдықтарын жұтып немесе оған шырмалып қалады. Мамандардың айтуынша, арнайы тексеру кезінде балықтар мен сүтқоректілердің үштен екісінің ағзасынан пластмасса қалдықтары табылған.
Люси Вудалл, мұхиттанушы:
- Пластик заттар айлар бойы, жылдар бойы су бетінде қалқып, мұхит түбіне енді ғана шөгіп жатыр. Яғни адамзат баласы көрмеген жерлерге пластмасса заттары бірінші жетеді. Бұл сұмдық қой.
Пластик қоқыстар балықтар мен сүтқоректілерге ғана емес, флораға айтарлықтай зардабын тигізіп келеді. Мұхиттардағы 84 экожүйені зерттеген ғалымдар осындай қорытындыға келген. Олардың айтуынша, алып су айдындарының ластауынан рифтерге жойылу қаупі төнген. Бұдан бөлек, ауру тарау қатері барғ - дейді мамандар.
Осы орайда өскемендік ғалым суда еритін пластик ойлап тапқаны туралы хабарлағанымызды айта кетейік.