Грекияға Румыниядан орман өртімен күресу үшін мамандар аттанды

Румыниядан Грекияға 56 маман аттанды.

Олар орман өртімен күреседі. Қазір елдің солтүстік-шығысындағы Александрополис қаласының маңында өрт өршіп тұр. Жақын маңдағы 13 елді мекеннің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген. Жергілікті билік орманға, тауға баруға тыйым салды. Өрттен бір адам опат болғаны белгілі. Жалпы Грекияда орман жылда өртенеді. Оның ең жойқыны 2018 жылы болған. Ол кезде 104 адам опат болған еді.