Доллардың үлесі рекордтық деңгейге жетті
Доллардың халықаралық есеп айырысудағы үлесі рекордтық деңгейге жетті.
"СУИ-ФТ" жүйесінде бұл көрсеткіш шілдеде 46,5 пайыз болған. Мұндай мәліметті Блумберг таратты. Екінші орында – еуро. Бірақ оның үлесі 38 пайыздан 24 пайызға құлдырап кеткен. Бұл – тарихи көрсеткіш. Британиялық фунт – үшінші орынға табан тіреген.
"СУИ-ФТ" мәліметтері барлық валюта нарығын қамтымаса да, сарапшылар АҚШ доллары қаржы әлемінің негізгі валютасы екенін жоққа шығармайды.