Владивостокты топан су басты
Ресейдің Владивосток қаласында нөсер жаңбыр жауып, оның соңы су тасқынына ұласты.
Қаланың 70 мыңға жуық тұрғыны электр жарығынсыз қалды. Мамандардың айтуынша, бірнеше сағатта жауған жауын, айлық көрсеткіштің тең жартысына жеткен. Қаладағы трамвай желісі істен шығып, негізгі жолдар жабылды. Әлеуметтік желіде куәгерлер су тасқынынан адамдардың қалай құтқарылып жатқанын видеоға түсіріп, бөлісуде. Жергілікті билік тұрғындардан үйде қалуды сұрайды.