Нидерланд Қытайға әскери мақсатта қолданылатын бөлшектерді сатпайтын болды
Нидерланд Қытайға кей тауарларды экспорттауға шектеу енгізді.
Оның ішінде жартылай өткізгіштер бар. Шара қауіпсіздік мақсатында қолға алынып отыр. Нидерланд билігі бұл құрылғылар қатаң бақыланбай, өзге елдердің әскери құрылымдарының қолына түсуі мүмкін деп қауіптенеді. Енді жергілікті компаниялар мұндай құрал-жабдықтарды шетке шығару үшін арнайы рұқсат қағазын алуы қажет. Еске сала кетейік, өткен жылы АҚШ та Қытайға, қауіпсіздікке байланысты чиптер мен жартылай өткізгіштерді сатуға тыйым салған болатын.