Чилиде пойыз бен автобустың соқтығысуынан алты адам көз жұмды

Чилиде пойыз бен автобустың соқтығысуынан алты адам көз жұмды

Чилиде пойыз бен шағын автобус соғысып, 6 адам қаза болды.

Жеті кісі жарақат алды. Оқиға осы елдің орталық бөлігіндегі Сан-Педро, Де-ла-Пас қаласының маңында болды. Автобус жүргізушісі темір жолдың жабық тұрғанына қарамастан, өткелден өтіп кетуге ұмтылып, осы мезетте пойыз келіп қаққан. Салдарынан көлік ішіндегі 14 жолаушының бесеуі, тіл тартпай кеткен. Тағы бір адам алған жарақатынан көз жұмды. Автобус жүргізушісі аман қалды. 

Оскар Фуэнтес, куәгер:

- Темір жолдың үстімен өтетін жол жабылып, пойыз жақындап қалған еді. Бір кезде автобус оның жолына шығып кетті. Жүргізушінің неге бұлай істегенін түсінбедім. Содан жүйткіп келе жатқан пойыз тоқтап үлгермей оны қағып өтті.