Мароккодағы жер сілкінісі: 2012 адам опат болды

Мароккодағы жер сілкінісінен қаза тапқандары саны 2 мыңнан асты.

Тағы осынша адам жарақат алған. Билік өкілдері таратқан ақпар бойынша 1,5 мыңға жуық азаматтың жағдайы өте ауыр. Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Ел 3 күн бойы аза тұтады.

Естеріңізге сала кетейік, 8 қыркүйекте Марракеш қаласынан 80 шақырым жерде магнитудасы 6,9 балдық зілзала болды. Бұл – Марокко  аумағында кейінгі 100 жылда тіркелген ең ірі апат.