АҚШ vs Қытай. Apple vs чипті телефон
Қытай Үкіметі мемлекеттік қызметкешілерге Iphon ұстауға тыйым салуды күшейтпекші.
Осындай хабар тараған соң Apple акциясы 3 процентке төмендеп, АҚШ-тың алпауыт компаниясы тек екі күнде 200 млрд доллар жоғалтты.
Инвесторлар әлемдегі ең мықты компания саналатын Apple-дің әлемнің екінші экономикасымен жұмыс істеуі шектеле ме деп алаңдап отыр. Ал Қытай өздері өндірген чиппен жабдықталған жаңа смартфонын сатылымға шығарды.
Қытай Apple өнімдерін ең көп тұтынатын ел саналады. Былтыр компания табысының бестен бірі осы мемлекеттен түскен. Әлбетте Apple өз өнімдерінің сатылымын әр ел бойынша бөліп көрсетпейді.
Дегенмен зерттеумен айналысатын Техинсайт сарапшылары өткен тоқсанда АҚШ-қа қарағанда Қытайда Iphone көбірек сатылғанын айтып отыр. АҚШ-тың алпауыт команиясы да өнімінің басым бөлігін қытай зауыттарында жинайды. Бірақ ресми Бейжің мемлекеттік қызметшілерге, ірі компанияларға Apple өнімдерін пайдалануға тыйым салуды күшейтпекші.
Бұл туралы Wall Street Journal жазды. Осылайша әлемдегі екі жуан державаның теке-тіресі күшейіп барады. Бұл хабар тараған екі күннің ішінде Apple 200 млрд доллар жоғалтты. Вьетнамда жүрген АҚШ президенді Джо Байден бірден реакция білдірді.
Джо Байден, АҚШ президенті:
- Мен шынайы дұрыс қарым-қатынасты орнатқым келеді. Дегенмен қазір Қытай сауда және басқа да мәселеге байланысты ережелерді өзгерте бастады. Мәселен, бір де бір қытай, Қытай үкіметінде істейтін азаматтар батыстың телефондарын пайдалана алмайды деген сияқты шектеулер. Мен Қытаймен арадағы байланыс дұрысталып келеді дегенге көз жеткізгім келеді.
Джо Байден Қытайдың дамуын тежегісі келмейтінін айтты. Бірақ Үнді-Тынық мұхиты аймағына қауіп төндіретін материалды сатып, олардың көбірек ядролық қаруды өндіру қауқарын күшейткісі келмейтінін мәлімдеді.
Дәл осы уақытта Бейджің де бейқам отырмағанын байқатты. Apple өнімдеріне тыйым туралы хабарланған соң, бейсенбіде өздері шығарған флагмандық смартфонды таныстырды. Оның артықшылығы сол – қытайлық чиппен жабдықталған.
Осылайша Бейжің Вашингтонға чиптің экспорттық бақылауына қарамастан технологиялық жетістігін көрсеткендей.
Дегенмен сарапшылар келер апталарда таныстырылатын Apple өнімдеріне қарағанда бұл чиптердің екі буынға қалып жатқанын мойындайды.
Нұрбек Бекен, «Хабар-24», АҚШ.