«Фукусима-1» АЭС суы мұхитқа төгілді
Жапонияның «Фукусима-1» атом электр станциясындағы судың алғашқы бөлігі мұхитқа төгілді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ол 2011 жылғы цунамиден кейін зақымданған реакторларды суыту үшін қолданылған. Мұнда қазір 1 миллион тоннадан аса су сақтаулы. Алғашқы сатысында соның 8 мың тоннасы мұхитқа төгілді. Бұған жергілікті тұрғындар, Қытай мен Оңтүстік Корея тарабы қарсы болды. Алайда жапон билігі су тазартудан өткенін айтып, алаңдауға себеп жоқ деп сендірді. Тексеру жүргізген атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік мамандары да осындай қорытындыға келді.